«Unsere Heimat-Kasachstan» тақырыбындағы мерекелік іс-шара

«Unsere Heimat-Kasachstan» тақырыбындағы мерекелік іс-шара

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының ұйымдастырумен «Unsere Heimat-Kasachstan» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Кеш қонақтары Германия елінен келген ф.-м.ғ.д., профессор Петер Эндерс және Индонезиядағы Суматра аралында орналасқан Пеканбару қаласынан техникалық және кәсіптік білім беру саласының докторы Мұхаммед Лютфи Хамза (Dr. Muhammad Luthfi Hamzah).

Іс-шараның мақсаты – көрнекті ғалымдарға еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрі мен тарихын таныстыру.
Іс-шара барысында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері шетел ғалымдарына арналған танымдық кездесуді ағылшын және неміс тілдерінде жүргізді. Студенттер Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырып, ұлттық нышандардың мәні мен мазмұны туралы презентация көрсетті.
Сонымен қатар, студенттер ұлттық аспаптарда ән мен күй орындап, би биледі және Абайдың өлеңін шырқады.

Шетелдік ғалымдар кеш барысында пікірлерімен бөлісіп, еліміздің салт-дәстүрлері, мәдениеті мен тарихы туралы өздеріне ауқымды ақпарат алғандарын жеткізді.
Студенттер ғалымдарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың қарапайымдылығы мен біліміне тәнті болды.
Қорытынды сөзді «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Асанова Асел Карлыбаевна және аға оқытушы Багитжанова Шолпан Суйенишовна алып, шетел ғалымдарына үлкен алғыс білдірді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ