«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы…» атты дөңгелек үстел

«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы…» атты дөңгелек үстел

2023 жылдың 12 қазан күні Altynsarin Institute-да «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы…» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – студент жастар арасында ғылым – білім ұмтылыстарын сүйемелдеу, ғылыми жобалар дайындаудағы құзыреттіліктері мен зерттеу дағдыларын дамыту.
Дөңгелек үстелдің жүзеге асуына «Физика», «Физика және информатика» білім бағдарламасы мұрындық болды.

Айта кетейік, шараға Германия елінен келген «Қолданбалы ғылымдар техникалық университетінің» профессоры, ф.-м.ғ.д. Петер Эндерс, Индонезиядағы Суматра аралында орналасқан Пеканбару қаласынан техникалық және кәсіптік білім беру саласының докторы Мұхаммед Лютфи Хамза (Dr. Muhammad Luthfi Hamzah), «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің профессор-оқытушылары және студенттер қатысты.
«Физика», «Физика және информатика» білім бағдарламасының жетекшісі А.К.Тулегенова «Ғылыми потенциалдың артуында шетелдік ғалымдар бірлескен жобалардың маңыздылығы жоғары» екендігін баса айтып, жалпыхалықтық ғылыми тенденцияларға тоқталып өтті.
Кездесу барысында шетелдік ғалымдар өздерінің ғылым жолындағы жеткен жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер тарапынан оқу үрдісі, болашаққа деген мақсаттары, жоғарғы оқу орны туралы сұрақтар легі жолданды.

Қос ғалым қонақ шара қатысушыларына заманауи білікті мамандық иесі атану үшін тынбай іздену, жан-жақты болу керектігін айтты. Кездесу соңында Питер Эндерс пен Мұхаммед Лютфи Хамза студенттерге өз алғыстарын білдірді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ