Студенттік спорт лигасының өңірлік кезеңінде Altynsarin institute волейбол құрамасы жеңімпаз атанды

Студенттік спорт лигасының өңірлік кезеңінде Altynsarin institute волейбол құрамасы жеңімпаз атанды

А.Мырзахметов атындағы Көкшетеу университетінде студенттік спорт лигасының Солтүстік – Орталық дивизионының волейболдан республикалық жарысы өтті. «Үздіктер» қатарынан табылуға Арқалық қаласы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының волейболшы-спортшыларының командалары, жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынасты.

Екі күнге ұласқан жарыстың жабылу салтанаты А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің Халықаралық спорт кешенінде өтті.
Студенттік спорт лигасында Altynsarin institute-ның намысын қорғаған ұлдар құрамасы І орынды иеленсе, қыздар құрамасы жүлделі ІІІ орынға жайғасты.

Сайыс барысында жеңімпаз командалар марапатталып қана қоймай, «Ойынды аяқтаушы ойыншы», «Төтеп беруші ойыншы», «Диагональ ойыншы», «Либеро ойыншысы», «Байланыстырушы ойыншы», «Құнды ойыншы» және т.б. номинациялардағы үздік ойыншылар да анықталды.
Айта кетейік, институт құрамасынан «Үздік либеро ойыншысы» номинациясын Дәуір Алтынай мен Болат Мұрат, «Үздік ойынды аяқтаушы ойыншысы» номинациясын Нұрғазы Ермек, «Команданың құнды ойыншысы» номинациясын Абдираш Нарұл мен Болат Бекзат иеленді.
Сонымен қатар, Дене шынықтыру мен спортты дамытуға және студенттердің дене тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін университет ректорлары мен олардың бапкерлері алғыс хаттармен марапатталды.
Студенттік спорт лигасында қос құрамаға «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушысы, жаттықтырушы Қанат Болатұлы жетекшілік етті.
Жеңімпаздар мен номинация иегерлеріне Көкшетау университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, спорт шебері С.З.Елюбаевтың грамотасы мен алғыс хаты табыс етілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ