Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс

2024 жылдың 7 маусым күні Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» республикалық конференциясы өтті.

Конференция жұмысына ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы сарапшылар, комплаенс-офицерлер мен ЖОО оқытушылары қатысты. Семинарға Altynsarin institute-нің комплаенс-офицері З.Н.Батырова куә болды.

Конференция мазмұны төмендегі тақырыптарды қамтыды:
1. Жоғары білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
2. Жоғары білім беру ұйымдарында кадр саясатын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
3. Контрагенттерді кешенді тексеру.
Сондай-ақ, жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс құралы ретінде цифрландыру мәселелері қаралды. Бұл туралы «Digital Comliance» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы сарапшы Айпара Адибай өз баяндамасында атап өтті. Нақтырақ айтқанда, спикер қазіргі уақытта 1991 жылдан бері берілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың 86% цифрландырылғаны туралы ақпаратпен бөлісті. Сәйкесінше, бұл жұмысқа орналасу кезінде дипломдардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді.

Конференцияда студенттердің сабаққа қатысуын бақылау үшін биометрияны қолдану мүмкіндігі мәселелері және жоғары білім беру жүйесіндегі блокчейн қаралды.
Семинардың қорытындысында қатысушылар сертификат табысталып, оқыту тренингі өткізілді.

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ