Altynsarin institute «Ғылымдағы әйелдер» өңірлік форумында

Altynsarin institute «Ғылымдағы әйелдер» өңірлік форумында

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының әйел ғалымдары «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған «Ғылымдағы әйелдер» өңірлік форумына қатысты.

Қазақстанның ғылым саласындағы әйелдердің рөлін нығайту мақсатында өткен өңірлік форумда ғылым, білім, саясат және қоғамдық қызметтегі екі жүзден астам табысты сарапшылар бас қосты.
Өңірлік әйелдер форумының пленарлық отырысында «АМАNАТ» партиясының хатшысы Каринова Шолпан Таңатқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закария Күнсұлу Далтонқызы, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхатметқали Ринат Закиұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ким Вера Александровна мен Смышляева Екатерина Васильевна, «Қазақстанның ғалым-әйелдері» ҚБ Вице-президенті Иманғожина Өрік Зайнуллқызы «Ғылымдағы әйелдерді қолдау» әйелдер қанатының басым бағытының жетекшісі Дамбаулова Гүлмира Кәрімжанқызы баяндама жасады.

Аталған форумға біздің институтымыздан қос ғылым кандидаты Рахметова Базар Анасқызы мен Дүйсебекова Айсәуле Есенғазықызы куә болып, алғыс хатпен марапатталды. Ал, филология ғылымдарының кандидаты А.Е.Дүйсебекова әлеуметтік-гуманитарлық ғылым бойынша баяндамасын қатысушылардың назарына ұсынды. Сонымен қатар институттағы әйел ғалымдардың (Философия ғылымдарының кандидаты Конкина Гүлбаршын Спанқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қолдасбаева Зинаида Шакировна, PhD Каратаева Татьяна Олеговна, филология ғылымдарының кандидаты Рахметова Базар Анасқызы мен Дүйсебекова Айсәуле Есенғазықызы) ғылыми мақалалары форум жинағына қабылданды.

Қостанай облысының алты жетекші өңірлік жоғары оқу орындарында 236 әйел ғалым жұмыс істейді, оның ішінде 16 әйел – ғылым докторы, 184 әйел – ғылым кандидаты, 36 PhD дәрежесінің иегерлері болса, оның 13,1%-ы Altynsarin institute-на тиесілі. Нақтырақ айтқанда, 3 әйел – ғылым докторы, 20 әйел – ғылым кандидаты, 8 PhD дәрежесінің иегері.
Айта кетейік, форум аясында түрлі секцияларда сарапшылар Қостанай облысында ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, негізгі проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын белгіледі, ғылыми және өндірістік объектілерге барды, тәжірибе алмасты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ