Күміс университет студенттері «Мандала терапиясына» қатысты

Күміс университет студенттері «Мандала терапиясына» қатысты

Altynsarin institute-да «Күміс университет» тыңдаушыларына психологиялық қолдау бағытында «Мандала терапиясы» өтті. Ішкі қалыпты үйлестіру мақсатында жүзеге асқан терапияны әлеуметтік-психологиялық қызметінің психологтары Г.С. Смаилова мен З.Ж. Ажибаева жүргізді.

6 сабақтан тұрған «Мандала терапия» бағдарламасына 20-ға жуық егде жастағы студент қатысты.

Алғашқы кездесуде қатысушылар «САН» әдістемесі арқылы диагностикадан өтті.
1-сабақ. Танысу. Мұнда әрбір қатысушы өзінің мандаласын жасап, оған атау берді. Жеке мандалаларды жасау техникасымен танысты.
2-сабақ. Негативті сезімдерді ресурсқа трансформациялау. Қатысушылар жағымсыз эмоциялармен байланысты түсті пластилинді таңдап, кез-келген фигураны мүсіндеді. Содан кейін оны басқа түстерді қосу арқылы өзгерісті (жағымды эмоциялармен байланысты) іске асырды.
3-сабақ. Өзін-өзі бағалау. Қатысушылар өзінің күшті және әлсіз жақтарын танып, басқа адамдардың идеалды емес екенін түсінуге ұмтылды, өзін-өзі бағалауды және көңіл күйді жоғарлату техникаларын меңгерді.
4-сабақ. «Тілектер картасы» мандаласы. Қатысушылар «визуализация» ұғымымен танысты. Күнделікті оқиғалардың көңіл-күйге және жалпы өмірге қалай әсер ететіні, әлемдегі зорлық-зомбылық (БАҚ), оқиғалар мен қолайсыз жағдайларды шамадан тыс бақылау мазасыздық деңгейін жоғарылататыны, осылайша өмір сапасын төмендететіні талқыланды.
5-сабақ. «Менің өмірім» мандала-диаграммасы. Бұл сабақ жалпы психологиялық сауаттылықты жоғарлату, ішкі ресурстарды тану, көңіл күйді жоғарылату, өмірді қабылдауды конструктивті коррекциялау үшін қажетті жаңа ақпаратты алумен өрбіді.
6-сабақ. «Тұмар» мандаласын өру. Қатысушылар мандала тоқу тарихымен танысты. 8-сәулелі мандала тоқу дағдылары пысықталды.
«Мандала терапияға» қатысу арқылы қатысушылар:
- ішкі күйзелісті және үрейлікті шешіп, (босаңсып) релаксацияланды;
- шығармашылық қабілеттерді дамытты;
- қолдың ұсақ моторикасын дамытты;
- ішкі ресурстар іздестірілді;
- коммуникативті дағдылар дамыды;
- сезімдер белсендірілді;
- бейнелік ес дамыды;
- рефлексияны дамыту және өзін-өзі бағалау жоғарылады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ