Altynsarin institute-ның түлегі Кореяда сабақ береді
Altynsarin institute-ның «6B01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 2023 жылғы түлегі Баярыстан Ақбөпе Корея Республикасындағы шетелдік оқушыларға сабақ беру мүмкіндігін иеленді.
Өтінім беру құқығы (Кореяда өмір сүру құқығы бар Қазақстанның азаматы, отандық іргелі педагогикалық ЖОО түлегі, корей тілін меңгеру деңгейін анықтайтын сертификаты) мен преференциялардан (кем дегенде магистр академиялық дәрежесі, ағылшын тілін білу деңгейі мен TOPIK 5 деңгейінен төмен емес) сүрінбей өткен Ақбөпе 14 адамның ішінен конкурспен таңдалған төрттіктің қатарында.
Қазақстандық педагогтардың жұмыс барысы «Тілдік сабақтарды жүргізуге көмек», «Корей тілі сабағын жүргізуге көмек» және «Мәдениетаралық сұрақтардың міндеттемелері» сынды детальдарды қамтиды. Олар 2024 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың ақпан айының аралығында Кенгидегі 2 бастауыш және 2 орта мектептерде сабақ беретін болады.
Altynsarin institute-ның түлегі бұған дейін академиялық ұтқырлық баңдарламасымен Түркияда білім алып келген. Сонымен қатар, ағылшын, неміс және корей тілдерін жетік меңгерген. Ол осы уақытқа дейін мамандығы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы №4 мектеп-гимназиясында өз мамандығы бойынша сабақ жүргізді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 1-3 сәуірде Сеул және Гонконгқа іссапары аясында Министрлік пен Корея Республиикасының Кенги провинциясының Білім басқармасы арасындағы өзара түсініктік туралы меморандумға қол қойылған. Кенги провинциасының Білім басқармасының Ансан, Хуасон, Ансон және т.б. қалаларындағы жергілікті орта мектептерде орыс тілді шетелдік оқушылардың үлгері төмен болғандықтан, оқушыларға қосымша көмек көрсету үшін Меморандум шеңберінде Қазақстаннан орыс тілін меңгерген жас педагогтарды жергілікті мұғалімдердің көмекшісі ретінде шақыруда.