Қостанай облысында ғылым жөніндегі кеңес отырысы өтті
Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-дің Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы бастаған бір топ ғалымдар Қостанай қаласында өткен ғылым жөніндегі кеңе құру мәселесі бойынша жұмыс кеңесіне қатысты.
Шара индустрия және өңірлердің проблемалары мен қажеттіліктерін шешуге бағытталған ғылымның басым міндеттерін айқындауға өңірдің қатысуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Мұнда облыстағы ЖОО басшылары, ғылыми-зерттеу белсенділігі жоғары ғылым докторлары, кандидаттар, магистрлер, мемлекеттік органдардың және «Атамекен» кәсіпкелер палатасының өкілдері бас қосты. Ғылыми кеңестің мақсат-міндеттері туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки онлайн қатысып, тоқталып өтті. Ал, шарада Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали модераторлық етті.
Сонымен қатар, Ректор Ержан Әмірбекұлы ғылымның дамуы және ЖОО-дағы проблемалар туралы баяндама жасап, ғылыми дамудың басым бағыттарын атап көрсетті.
Айта кетейік, кеңес Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірде Астанада өткен бірінші отырысында әкімдіктер жанынан ғылым жөніндегі кеңес құру туралы тапсырмасының аясында жүзеге асты.