Altynsarin istitute-дағы team building!

Altynsarin istitute-дағы team building!

Оқу жылының соңында институт басшылығы мен кәсіподақ ұйымының қолдауымен ЖОО тарихында алғаш рет Altynsarin institute ұжымы үшін жазғы тимбилдинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – корпоративтік мәдениет пен бірлікті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.
Ректор Ержан Әмірбекұлы бастаған корпоративтік тимбилдингке институттың 120-дан астам қызметкері (профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік бөлімшелер) қатысты.

Таңертеңнен бастап ұжым музыка ойнап, ас үйде «ыстық» дайындықтар жүріп жатқан, құрылымдық бөлімшелердің киіз үйлері тұрған жерде жиналды. Таңертеңгілік жаттығудан кейін әркім өз таңғы асын алды. Содан кейін барлығы бірыңғай команда құруға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған түрлі конкурстар мен ойын бағдарламаларына қатысты.

Ұйымдастырушылар діттеген түпкі мақсат негізінде қызметкерлер бейресми қарым-қатынас мүмкіндігін пайдаланып, ұжымды біріктіруге және әр қызметкердің стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім қабылдау үшін арнайы дағдыларды игеруге бағытталған жаңа ойын бейнелерін қолданып көрді.
Ұжым командалық рух пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін қызықты ойындарға көңілді және бір деммен қатысты. Әр кезең шынайы күлкіге, қолдауға және салауатты бәсекелестікке толы болды!
Осылайша, командаға бөлінген қатысушылар нысананы тура дәлдеп (дартс) жарысып, үстел ойындарына (дойбы, тоғыз құмалақ) қатысты. Сондай-ақ, ұжым мүшелері зияткерлік конкурстарда тапқырлық танытты, бала кездегі ерекше ойындарды ойнады, барлық басқа да қызықты конкурстық жобаларда әлеуетін толық көрсете алды. Тимбилдинг барысында қатысушылар ән мен биде де бақ сынасты. Кейіннен белсенділер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Күні бойы ұйымдастырушылар барлығына ыстық бауырсақтар мен ұлттық тағамдар ұсынды.
9-10 сағатқа ұласқан көңілді уақыт демде өтті. Іс-шара қызметкерлер үшін жарқын эмоциялар қалдырды. Бұл бүкіл ұжымның эмоционалды қайта қалпына келуіне ықпал еткен тимбилдинг басшылық ұйымдастырған институттың жеке құрамы үшін белсенді команда құру болды.
Айта кету керек, Altynsarin institute-ның басшылығы нағыз кәсіпқойлардың біртұтас командасын қалыптастыруға үлкен мән береді. Нәтижесінде ұйымда қызметкерлердің жұмысын жақсарту, ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуалды сақтау үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Барлық күш – жігер, сайып келгенде, ЖОО-ның жалпы миссиясына – сапалы және қолжетімді білім беруге қол жеткізуге бағытталған.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ