«Адам өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел
Altynsarin institute-ның №1 және №2 Студенттер үйінде екі күнге жалғасын тапқан «Адам өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге жатақханада тұру этикасы жөнінде мәлімет беру, оның ішкі тәртібіне мән беру керек екендігі туралы түсіндіру, электр қондырғыларға мұқият болу және өз денсаулығына өздері жауап беру, жылы киіну шараларын ұғындыру болды.
Дөңгелек үстел барысында өрт сөндіруші құралдарды, құбырларды, тіректі станцияларды, түтін/ыстық детекторлары, төтенше жағдай жарықтары, арнайы дабылдар, дабылдамалар, қоңыраулар мен есіктер, т.с.с. арнайы өрт сөндіру құралдарын орынсыз пайдалану, өрт шығару, өрт дабылдатқыштарын жалған қолдану немесе эвакуацияциядан бас тарту және/немесе эвакуацияға кедергі келтірген жағдайлар дисциплинарлық немесе құқық қорғау органдарына арыз беруге дейінгі іс әрекеттерді жүзеге асыруға мәжбүрлейтіндігі туралы айтылды.
Сондай-ақ, шараға «Арқалық қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Г.Нургалиев және бөлімнің бас маманы К.С.Жумаканов, «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар» маманы С.Ш.Патов, №2 Студенттер үйінің коменданты Н.Ш.Курмашева қатысты.