Altynsarin institute-да комплеанс-офицер тағайындалды

Altynsarin institute-да комплеанс-офицер тағайындалды

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Әділбек Ерланұлы Мансұров институт комплаенс қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Әр жылдары Әділбек Ерланұлы ҚР Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінде әртүрлі қызметтер атқарды.
Институттың комплаенс-офицерінің міндеттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен әдепті сақтау мәселелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес квазимемлекеттік сектордың әрбір мекемесінде болуы тиіс.
Комплаенс-офицерге хабарлама жіберу үшін Сіз комплаенс сенім телефонын пайдалана аласыз: +77143049502.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ