«Жас маман – жарқын болашақ иесі» атты Altynsarin institute-ның түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті

«Жас маман – жарқын болашақ иесі» атты Altynsarin institute-ның түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті

Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-да «Жас маман – жарқын болашақ иесі» атты дәстүрлі түлектерді жұмысқа орналастыру жәрмеңкесі өтті.

Институт қабырғасында 29 білім беру бағдарламасы бойынша даярланып жатқан бітіруші жас педагог мамандарға алыс-жақын өңірлерден келген өкілдер жұмысқа орналастыру үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жәрмеңкеге Қостанай, Ақмола, Ұлытау облыстарындағы білім беру мекемелерінің өкілдері, мектеп директорлары, әдіскерлер қатысты.

Нақтырақ айтқанда, Восточный ОМ директоры Суттибаев Е.Қ., А.Макаренко атындағы ОМ директоры Мухамеджанова Г.Р., №2 ОМ директоры Пепенжи Р.Е., Абай Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиясының директоры Козбагарова К.С., №10 ОМ директоры Булебаева Л.К., Раздольное ОМ директоры Кабылдина К.Т., Ұлытау ауданының білім бөлімінің әдіскері Малдыбаев Е.А., Есіл қаласының ЖББМ директоры Шауленов Ш., Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, №3 ЖББМ директоры Кабиев Ш.К., М.Мынкаев атындағы №10 ЖББМ директоры Алибеков Б.Ж., Ұлытау облысы, Қаражал қаласы №30 ЖББМ директоры Айтуған Оханұлы, №2 ЖББМ директоры Абылаев Е.С., №8 ЖББМ директоры Шубай А.К., Науырзым ауданы, Өлеңді ЖББМ директоры Исмагулов Е.К., Ақмола облысының өкілі Нурмаганбетова Б.Г., келді.

Қонақтарды тіркеу рәсімінен соң, Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлы қарсы алып, бітіруші түлектердің кәсіби дайындығы туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар әрбір білім беру бағдарламаларының жетекшілері қатысып, кездесу барысындағы сұрақтарға жауап берді.
Институт басшысы өзінің кіріспе сөзінде: «Торғай даласының ғылымы мен білімі ертеден өз бағасын алған. Институт қабырғасында даярланып жатқан студенттеріміз білім мен қоса ұлттық тәрбиеге бейім. Олар педагогикалық іс-тәжірибе барасында өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, шығармашылық тұрғыда даму үстінде. Педагогикалық білімді бақылау тестілеуін де барлығы дерлік сәтті тапсырып шықты. Мамандығына махаббатпен қарайтын түлектерімізбен мақтанамыз», - деді.

Аталған мекемелерден 2024-2025 оқу жылына 700-ге жуық жас мамандарға сұраныс келіп түсті. Әсіресе, химия, физика, математика, ағылшын, тілі, орыс тілі, информатика, музыка пән мұғалімдеріне сұраныс деңгейі басым болды. Педагогикалық білім беру бағдарламаларына деген сұраныстың артуы – біздің түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішіне оң әсерін тигізері анық.

Айталық, 2023 жылы «Атамекен» ҰКП жүргізген тәуелсіз сараптамасының нәтижесінде ЖОО арасында «Түлектерді жұмысқа орналастыру» критерийінде Altynsarin institute 94%-бен 1 орынды иеленді.
Ағымдағы оқу жылында институтымызды 500-ден аса бітіруші түлек тәмамдайды.
Олардың арасында «Серпін – 2050» әлеуметтік бағдарламасы, ауыл квотасы, жалпы білім грант иегерлері және келісім-шарт негізінде білім алып жатқан бітіруші түлектеріміз бар.
Жәрмеңке қорытындысында студенттерімізге жұмысқа орналасуға ұсыныстар түсіп, екі жақты белсенді қарым-қатынас өрбіді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ